28 қазан 2024
/ Sport
Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды
Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанды. Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық Махди Морафамен белдесті. Бірінші кезең 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, соңғы ұпайды Ризабек алды. Екінші кезеңде ол 6:2 есебімен алға шықты. Сосын 10:4-ке жеткізді. Қорытынды есеп – 11:6, Ризабектің пайдасында.