Жемқорлық: Албанияның бұрынғы президенті қамауға алынды
Фото: report.az
report.az
Әлем22 қазан 2024, 15:45

Жемқорлық: Албанияның бұрынғы президенті қамауға алынды

Албанияның бұрынғы президенті және «Бостандық» партиясының негізін қалаушы Илир Мета Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратураның бұйрығымен ұсталды. Ол ақша жылыстату, сыбайлас жемқорлық пен кірісті жасырды деген күдікке ілінді. Тұтқындау кезінде Илир Мета қарсылық көрсетпек болған. Қамау фактісін оның адвокаты растады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол бұған дейін байлығын жасырды және ақша жылыстатты деген күдікпен тергеуде болған. Бұрынғы мемлекет басшысы барлық айыпты жоққа шығарды, деп жазады Euronews.

55 жастағы Илир Мета Албанияның солшыл Бостандық партиясының жетекшісі және 2017-2022 жылдар аралығында ел президенті болды. Ол – «клептократиялық режим орнатты» деп айыптайтын премьер-министр Эди Раманың ашық қарсыласы.

Албанияның Демократиялық партиясының басшысы Сали Бериша да өткен жылдың желтоқсан айынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен үйқамақта отыр. Оппозиция Раманы қарсыластарын саяси астарлы қудалады деп айыптайды. Премьер-министр мұны жоққа шығарады.

 

Илир Мета Жемқорлық Албания Қамау

Тақырыпқа жаңалықтар