Новости: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Алматы әкімдігі】 жаңалықтар Arbat media
Тегін автобустар: Алматы әкімдігі Қазақстан-Словения ойыны алдында мәлімдеме жасады
10 қазан 2024 / Sport

Тегін автобустар: Алматы әкімдігі Қазақстан-Словения ойыны алдында мәлімдеме жасады

13 қазан күні сағат 18:00-де Алматының Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезең аясында "Қазақстан–Словения" матчы өтеді. Алматы қаласының Спорт басқармасы жанкүйерлерге билетті алдын ала Қазақстан футбол федерациясының ресми серіктесі Ticketon қызметінен сатып алуға және дүрлігіп, ығы-жығы болмас үшін Орталық стадионға ертерек келуге шақырды. Билет стадион кассасында сатылмайды. Орталық стадионға сағат 16:00-ден бастап кіруге болады. 

Алматы әкімдігі жауапсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды
16 шілде 2024 / Новости Казахстана

Алматы әкімдігі жауапсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды

Алматы қаласының әкімдігі мемлекеттік музей жанындағы скверге реконструкциялау жұмыстарын жүргізген мердігер компаниямен шартты біржақты тәртіппен бұзды. Алматы әкімдігінің мәліметінше, шарт 2022 жылы жасалды, ал нысан 2023 жылы тапсырылуы тиіс болған. Мемлекеттік музей жанындағы скверді қайта жаңарту жұмыстары уақтылы жүргізілмегендіктен, әкімдік мердігер компаниямен шартты бұзу, тапсырыс берушіні мемлекеттік сатып алуға талаптарды орындамайтын қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз жолдады. 

Алматыда апатты жағдайдағы үйдің тұрғындары жаңа пәтерге көшіріледі
9 шілде 2024 / Новости Казахстана

Алматыда апатты жағдайдағы үйдің тұрғындары жаңа пәтерге көшіріледі

Алматыда апатты жағдайдағы 54 үйдің тұрғындары жаңа баспанамен қамтылмақ. «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте тозығы жеткен үйдің 280 тұрғыны жаңа үйге көшірілді. Бұл «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы» аясында жүзеге асты. Биыл жыл соңына дейін Алматыда 54 ескі үйдің тағы 2 180 тұрғынын жаңа үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.