Суицидке итермелейтін Telegram арна бұғатталды
Фото: ТАСС
TASS
Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2024, 19:33

Суицидке итермелейтін Telegram арна бұғатталды

Алматы прокуратурасы оқырмандарына өз-өзіне қол салуға тапсырма берген Telegram арнаны бұғатталғаны туралы хабарлады. 2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары тыйым салынған контенті бар Telegram арнаны бұғаттау шараларын қабылдады.

Тексеру барысында 67 оқырман әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Telegram суицид бұғаттау Алматы облысы

Тақырыпқа жаңалықтар