23 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Әкімнің ұлы анасын ұрғаны үшін сотталды
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы сотында 78 жастағы кейуананы ұрып-соққан ер адамға қатысты іс қаралды. Бұрынғы қала әкімінің ұлы қарт анасына қол көтергені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары айыпталушы 1946 жылы туған анасына қасақана дене жарақатын салғаны, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені және дәрменсіз күйде болған қарияға қатысты қылмыс жасағаны үшін ҚК 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тақты.