Қазақстан жаңалықтары24 шілде 2024, 10:23

Анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен қуылды

Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған. Ашық сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.

«Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген полиция мәліметінде.

Тәртіп сақшысы Шымкент Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

Шымкент полиция подполковнигі анасын ұрған қызметтен кетті

Тақырыпқа жаңалықтар