25 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Әскердегі әлімжеттіктің әуресі
Әскери қызметшілер арасында түсініксіз жағдайдағы өлім-жітім мен жарақат алу оқиғаларының көбеюінен кейін қоғамда әскер саласындағы әлімжеттік тақырыбы желдей есіп тұр. Көптің талқысына түскен мәселеге жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында арнайы тоқталып, қауіпсіздік пен тәртіпті нығайту қажеттігін айтты. Ол Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты екенін еске сала келе: «Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады.