Новости: Әскери қызметшілер

Әскери қызметшілер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Әскери қызметшілер】 жаңалықтар Arbat media
Әскердегі әлімжеттіктің әуресі
25 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Әскердегі әлімжеттіктің әуресі

Әскери қызметшілер арасында түсініксіз жағдайдағы өлім-жітім мен жарақат алу оқиғаларының көбеюінен кейін қоғамда әскер саласындағы әлім­жеттік тақырыбы желдей есіп тұр. Көптің талқысына түскен мәселеге жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында арнайы тоқталып, қауіпсіздік пен тәртіпті нығайту қажеттігін айтты. Ол Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты екенін еске сала келе: «Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. 

Су тасқынымен күрес жұмыстарын атқарған әскери қызметшілер марапатталды
19 маусым 2024 / Новости Казахстана

Су тасқынымен күрес жұмыстарын атқарған әскери қызметшілер марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен қарғын суға қарсы шаралар кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі мен жанқиярлығы үшін Қарулы күштердің әскери қызметшілері жоғары мемлекеттік наградалар – ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Әскери қызметшілер 6 облыста су тасқыны салдарын жоюға көмектесіп жүр
15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Әскери қызметшілер 6 облыста су тасқыны салдарын жоюға көмектесіп жүр

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 2 262 әскери қызметші, 137 автокөлік пен 5 авиация ұшағы жұмылдырылды. Ақтөбе облысы Ойыл кенті ауданындағы паром өткелімен тәулігіне 9 паром рейсі жасалды. Онда 75 адам эвакуацияланып, 35 көлік, 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Ақтау авиабазасының экипажы ұшқышсысыз ұшу аппаратының көмегімен Жайық өзенінің арнасындағы жергілікті жерді аэробақылау және барлау жүргізіп жатыр. Батыс Қазақстан облысында Қарулы күштердің әскери қызметшілері құм салынған қаптарды дайындау және төсеу, Жайық өзеніндегі бөгетті нығайту, Ақжайық ауылдық округіндегі Елек өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді.

Су тасқыны: Әскери қызметшілер өңірлерге аттанып жатыр
12 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Су тасқыны: Әскери қызметшілер өңірлерге аттанып жатыр

Қарулы күштердің әскери қызметшілер өңірлердегі су тасқынымен күреске аттанып жатыр, Ауылдар және тұрғын үй алаптарын су басу қаупіне байланысты республикалық жедел штабтың шешімімен Қорғаныс министрлігінен қосымша күштер мен құралдар бөлінді.