25 қыркүйек 2024
/ Евразия
Қырғызстанда Асқар Ақаевтың уақытша депкомиссия құру туралы өтінішінен бас тарту ұсынылды
Жогорку Кенештің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитеті бұрынғы президент Асқар Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру және экс-президент мәртебесін қалпына келтіру туралы мәлімдемесін қарады. Комитет төрағасы Чолпон Сұлтанбекова бұл өтініштің Жогорку Кенешке 3 қыркүйекте түскенін еске салды. Талқылауда депутат Гуля Қожоқұлова бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін уақытша депутаттық комиссия құру қажеттігін атап өтті.