Placeholder
Фото: A.Savin/Wikimedia
A.Savin/Wikimedia
Еуразия25 қыркүйек 2024, 10:00

Қырғызстанда Асқар Ақаевтың уақытша депкомиссия құру туралы өтінішінен бас тарту ұсынылды

Жогорку Кенештің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитеті бұрынғы президент Асқар Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру және экс-президент мәртебесін қалпына келтіру туралы мәлімдемесін қарады. Комитет төрағасы Чолпон Сұлтанбекова бұл өтініштің Жогорку Кенешке 3 қыркүйекте түскенін еске салды. Талқылауда  депутат Гуля Қожоқұлова бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін уақытша депутаттық комиссия құру қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Депутат Жанар Ақаев Асқар Ақаевтың тұсында елде отбасылық-кландық басқару өркендеп, Ақсый оқиғасы болғанын еске алды, деп жазады Кабар агенттігі.

Талқылауда комитет А.Ақаевтың мәлімдемесін назарға алып, оны Жогорку Кенештің қарауына енгізді, сондай-ақ Жогорку Кенешке А.Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартуды ұсынды.

Қырғызстан Асқар Ақаев уақытша депкомиссия құру өтінішінен бас тарту

Тақырыпқа жаңалықтар