Новости: астық

астық - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【астық】 жаңалықтар Arbat media
Қазақстан Әзірбайжанға астық экспортын арттырады
26 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан Әзірбайжанға астық экспортын арттырады

Қазақстандық «Ақ Бидай-терминал» АҚ мен Әзірбайжанның ірі холдингі NB Holding бірлескен бақылаудағы «Баку астық терминалы» ЖШС кәсіпорнын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. «Ақ Бидай-Терминал» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Ерқожаұлы Баку қаласына жұмыс сапары аясында NB Holding басшылығымен кездесу өткізді. Соның барысында теңіз арқылы Әзірбайжанға астықты жеткізуді қамтамасыз ету жайы, ұн өнімдерін өткізудің экспорттық бағытында кәсіпорынның әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды. 

Павлодар облысында астық мол жиналды
18 қазан 2024 / Новости Казахстана

Павлодар облысында астық мол жиналды

Павлодар облысының диқандары астықты дәнді дақылдар бойынша биыл тағы рекордтық өнімге қол жеткізді. Өңірде 1 млн 116 мың тонна астық қамбаларға құйылып жатыр. Павлодар облысының егіс далаларында қазіргі уақытта майлы дақылдан өзге дақылдардың барлығы жиналды. Фермерлер үшін жиын-терім науқаны табысты өтіп, рекордтық өнімдер алынды. 

Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық дайындалды
7 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық дайындалды

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 15 ц/га болғанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Осылайша, бидай 12,1 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылды. Арпа - 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна бастырылды. Сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды. 

Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды
30 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Ауа райының қолайлы болуының арқасында 27 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі астық егетін өңірлерде Қазақстанда 13 млн га жуық алқап немесе 75%-ы жиналды. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алда майлы дақылдар жиналады. 

Еуропарламент Ресей мен Беларусь астығына санкция салуға шақырды
14 наурыз 2024 / Мир

Еуропарламент Ресей мен Беларусь астығына санкция салуға шақырды

Еуропарламент Ресей мен Беларусь астығына санкция салуға шақырды. Еуропарламенттегі саяси топтардың делегаттары Ресей мен Беларусь ауыл шаруашылығы өнімдеріне санкция салу қажет деп санайды. Осы уақытқа дейін тауарлардың бұл санаты ЕО санкцияларына ұшырамаған.