Placeholder
Фото: gov.kz
gov.kz
Спорт27 шілде 2024, 1:55

30 мыңнан астам адам Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалады

Бүгін Парижде 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті. Қаланың жеті тұсында 30 мыңнан астам адам маңызды іс-шараны тамашалау үшін бас қосты, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Іс-шараның басты мақсаты – Олимпиада ойындарында ел атынан қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау білдіру. Олимпиада ойындарының ресми ашылуының тікелей көрсетілімі басталғанға дейін отандық эстрада жұлдызы – Халықаралық конкурстардың лауреаттары Ақтоты Болшова, Әкімжан Маженов, Зарина Омарова, ILIAS, сондай-ақ композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері Ұлықпан Жолдасовтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«Маған осы жерде өнер көрсету туралы ұсыныс түскенде қуана келістім. Өзім спортшыларымызға осылайша қолдау көрсеткім келді. Олимпиадаға көптеген мықты спортшылар аттанды. Сондықтан құрамамыздың жеңісін шын жүректен тілеймін! Біз, әртістер, патриоттық әндер арқылы олимпиадашылардың рухын көтергіміз келеді. Спортшыларымызды қолдау – әрбір қазақстандықтың міндеті деп санаймын», – деді әнші Зарина Омарова.

Елорда тұрғындары үшін ойын-сауық интерактивтері – спорттық іс-шаралар мен викториналар ұйымдастырылды. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

«Бүгін саябақты аралап жүріп, концерт пен Олимпиада ойындарының көрсетіліміне тап болдым. Осындай іс-шараның ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын, өйткені Олимпиада – бұл маңызды іс-шара. Ұлттық құрамамызда мықты және талантты спортшыларымыз өте көп», – деді елорда тұрғыны Асқар Ағзамов.

«Бүгін Парижде жазғы Олимпиада ойындары басталады. Елордадан Олимпиадаға 12 спортшы қатысты. Олар жеті спорт түрінен 14 лицензия иеленген. Ең көбі – теннисшілерде. Парижде елімізді Юлия Путинцева, Александр Бублик, Александр Недовесов және Александр Шевченко қорғайды. Олимпиада алтыны үшін тартыс әрине, оңай емес екені анық. Мен әр спортшыны және оның ішкі толқынысын жақсы түсінемін. Себебі өзім Олимпиадаға құрамамыздың сапында бірнеше рет қатысқанмын», - деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуының тікелей эфирін елорданың мынадай орындарында сағат 22.30-дан бастап көруге болады:

- Қазақстан теннис федерациясына қарама-қарсы орталық саябақ (Beeline Arena);- Mega Silkway лед-экраны (ЭКСПО жағынан);- Тұран даңғылы – Д.Қонаев көшесі;-Б. Момышұлы даңғылы-Тәуелсіздік даңғылы;- ЭКСПО аумағындағы экран;- Арбат (Жағалау).

Париж Олимпиадасы 30 мыңнан астам адам ашылу салтанаты

Тақырыпқа жаңалықтар