аудандар

аудандар - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【аудандар】 жаңалықтар Arbat media
30 наурыз 2024 / Новости Казахстана

БҚО төрт ауданы мен Оралда төтенше жағдай жарияланды

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан қалыптасқан жағдаймен танысты. Жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтар әуеден бақыланып, сондай-ақ Орал қаласындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ахуал зерделенді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Роман Склярға жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде баяндады.

26 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбенің 3 ауданында қар еріп, үйлерді су алды

Ақтөбенің Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында қар суының ағыны күшейіп, бірнеше үйге су кірді. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетовтің айтуынша, бүгін түстен кейін Ембі қаласының бір көшесі арқылы су аққан. Ағыс қатты болып, бірнеше үйге су кірді. Салдарынан жолды жыруға тура келді.