16 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Маңғыстауда инфекция жұқтырған оқушылардың барлығы ауруханадан шықты
Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды. Олар үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды.