Маңғыстауда инфекция жұқтырған оқушылардың барлығы ауруханадан шықты
Фото: Pexels
Pexels
Қазақстан жаңалықтары16 қыркүйек 2024, 17:08

Маңғыстауда инфекция жұқтырған оқушылардың барлығы ауруханадан шықты

Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды. Олар үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінгенін естеріңізге сала кетейік, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.

«Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайы алаңдаушылық туғызбайды»,-делінген хабарламада.

Маңғыстау уланған оқушылар ауруханадан шықты

Тақырыпқа жаңалықтар