Ауылдарға бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі
Ауылдарға бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған. «Ауылдарды дамыту саласындағы мемлекеттік органдар арасындағы үйлестірудің тиімділігін арттыру мақсатында Үкімет 2023-2024 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ол Ұлттық экономика министрлігінің үйлестіруімен іске асырылуда. Тұжырымдаманы іске асыру үшін нақты мерзімдер, орындаушылар және тағы басқалары айқындалып, 56 іс-шараны іске асыруды көздейтін Іс-қимыл жоспары әзірленді. Осылайша, тұжырымдаманы іске асыру аясында Үкімет орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту және оларды одан әрі дамыту жөніндегі тәсілдерді әзірлеу бөлігіндегі қызметін үйлестіреді», - деді Үкімет басшысы.