Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 11:00

Тасқын: Ақтөбеде үйі қираған ауылдағылар аудан орталығына көшіріледі

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғындарына үй аудан орталығынан салынады. Су тасқыны кезінде Ш.Берсиев атындағы ауылдық округке қарасты Қаратал ауылы, Ойыл ауылдық округіне қарасты Екпетал ауылында үйлерге су кірді. Салдарынан Екпетал ауылында үйлер қирап қалды. Аудан орталығынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл халқы енді Ойылдың өзіне қоныстанады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Екпетал ауылы ойпаң жерде орналасқан. Су кеткенде ауыл тұрғындары эвакуацияланып, аудан орталығына көшірілді. Екпетал ауылы тұрғындарына үйді енді Ойыл ауылынан салуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындармен кездесу өтті. Олар өз келісімін беріп отыр. Тұрғын үй салу үшін 482 - 690 учаскелері аралығындағы аумақта бос орындар бар. Тұрғын үй салуға арналған инфрақұрылым, яғни газ, су толық жүргізілген. Екпетал ауылы тұрғындарына осы учаскелерде тұрғын үй салу жоспарланып отырмыз», - деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Ойылдың жаңа тұрғын үй алабында 1500 орынды мектеп, 90 орындық балабақша салуға арналған жер телімі де қарастырылған.

 

Ақтөбе облысы ауылдар аудан орталығы көшіру

Тақырыпқа жаңалықтар