 
                                                                                                                 
                                                                                                                             30 шілде 2024
                                                                /  Новости Казахстана
                                                                                                                    
                                                        Автобанда 22 тонна жүгі бар көлік аударылды
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінде келе жатқан жүк көлігі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге кіріп кетті. Оқиға Түркістан облысының аумағында болды. Таңғы сағат 05:00 шамасында Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа кіріп кеткен. Салдарынан 22 тонна жүгі бар көлік автобанда аударылып қалды.