Автобанда 22 тонна жүгі бар көлік аударылды
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінде келе жатқан жүк көлігі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге кіріп кетті. Оқиға Түркістан облысының аумағында болды. Таңғы сағат 05:00 шамасында Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа кіріп кеткен. Салдарынан 22 тонна жүгі бар көлік автобанда аударылып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Оқиға республикалық маңызы бар М32 Самара-Шымкент автожолының 22/10 шақырымында болды. Жүргізуші жол бойындағы жол белгілерін байқамаған. Көлік ішіндегі жүктер толығымен жерге түсірілді. Қазір көлікті кранмен жол жиегіне қою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді «ҚАЖсервис» ЖШС ТОФ директоры Ерік Аманжолов.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: