12 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Азамат Мақұлбеков алыптар сайысында топ жарды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыптар сайысы (Powerful nomad )бойынша Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды. Бірінші кезеңінде Азамат Мақұлбек 100 келілік тасты 1 минутта 180метр аралыққа көтерді. Екінші кезеңде отандасымыз 130 келі бөренені, 38 рет көтеріп өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ, Қазақстандық алып ауыр найзаны нысанаға лақтыру сайысындада көш бастап, үш кезең қортындысы бойынша финалға жолдама алды.