Азамат Мақұлбеков алыптар сайысында топ жарды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыптар сайысы (Powerful nomad )бойынша Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды. Бірінші кезеңінде Азамат Мақұлбек 100 келілік тасты 1 минутта 180метр аралыққа көтерді. Екінші кезеңде отандасымыз 130 келі бөренені, 38 рет көтеріп өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ, Қазақстандық алып ауыр найзаны нысанаға лақтыру сайысындада көш бастап, үш кезең қортындысы бойынша финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақтық сында, Азамат Мақұлбеков 100 кг салмақтағы серкені 7 рет көтеріп, 0,5 тонналық арбаны 12,9 метрге сүйреді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қортындысында, Қазақстандық алып барлық кезеңде көш бастап, жеңімпаз атанды.
Жалпы алыптар бәсекесіне Испания, Үндістан, Қытай, Кувейт, Татарстан, Иран, Ресей қатарлы 16 мемлекеттен 16 спортшы бақ сынады.