8 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Бөгеттер тасқын суды ұстай алмады
Су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасқан өңірлердің бірі Ақтөбе облысында жағдай тұрақталып келеді. Жергілікті бюджеттен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 300 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық төлем төлене бастады және осы азаматтардың несие төлемдері үш айға шегерілді.