23 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Павлодарда еліктің лағын өлтіргендер сотталды
Павлодар облысында еліктің лағын өлтірген азаматтарға қатысты сот үкімі шықты. 2024 жылдың ақпан айында К. және С. алдын ала келісім бойынша жабайы жануарларды заңсыз аулауға шыққан. Ол үшін олар Ақтоғай өңіріндегі Ертіс өзенінің жайылмасын – жабайы аңдарды аулауға тыйым салынған ерекше қорғалатын табиғи аумақты таңдаған. Олар өздерімен бірге тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруын алып шыққаны белгілі болды.