Қазақстан жаңалықтары8 ақпан 2024, 15:00

«Бәрін бауыздап тастаған». Заңсыз киік атқандар ұсталды

Қызылорда облысында жүргізілген «Браконьер» іс-шарасы барысында полицейлер 76 киікті заңсыз тасымалдаған күдіктілерді оқиға орнында ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz жазады.

6 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Браконьер» іс-шарасы аясында Жезқазған – Қызылорда тасжолында Toyota Hilux және Toyota land cruiser автокөліктерін тоқтатпақшы болған. Алайда күдіктілер полицияның тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалағысы келді.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы тексеру барысында Toyota Hilux автокөлігінен 29 бас, Toyota land cruiser автокөлігінен 47 бас киіктің ұшасын, сонымен қатар Toyota Hilux автокөлігінен 9 дана 12 калибрлі оқ дәріні анықтап, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешілуде.

«Браконьер» жедел-профилактикалык іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталды. Бұдан бөлек 9 киік ұшасының алыну деректері бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысы киік ату браконьерлер

Тақырыпқа жаңалықтар