30 желтоқсан 2023
/ Новости Казахстана
Зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдық
Өткен жыл біраз елдің экономикасы мен зейнетақы жүйесі үшін оңай болған жоқ. Көбінде зейнетақы жинақтарының төмен кірісі, баяу өсу қарқыны, кейбір жұмысшылар топтарын зейнетақымен қамту деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер байқалды. Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы индексіне сәйкес, 2023 жылы әлемде халықтың қартаюы, инфляцияның сақталуы, мемлекеттік қарыздың өсуі, пайыздық мөлшерлемелер мен геосаяси белгісіздікке байланысты сын-қатерлер зейнетақы жүйелеріне кері әсерін тигізіп тұр.