Қазақстан жаңалықтары30 желтоқсан 2023, 11:34

Зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдық

Өткен жыл біраз елдің экономикасы мен зейнетақы жүйесі үшін оңай болған жоқ. Көбінде зейнетақы жинақтарының төмен кірісі, баяу өсу қарқыны, кейбір жұмысшылар топтарын зейнетақымен қамту деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер байқалды. Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы индексіне сәйкес, 2023 жылы әлемде халықтың қартаюы, инфляцияның сақталуы, мемлекеттік қарыздың өсуі, пайыздық мөлшерлемелер мен геосаяси белгісіздікке байланысты сын-қатерлер зейнетақы жүйелеріне кері әсерін тигізіп тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осы индексте биыл алғаш рет Қазақ­стан­дағы зерттеу де қамтылды. Алайда сыртқы сын-тегеуріндерге қарамастан, елі­міздің зейнетақы жүйесінде тұрақ­ты­­лық пен сапалы өсім байқалып отыр.

2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағ­дай бойынша, зейнетақы жинақтары 17,4 трлн теңгені көрсетіп, бір жыл ішінде мұның көлемі 3 трлн теңгеге немесе 20,5% мөлшерге өсті. Жеке зейнетақы шот­тарының саны шамамен 12,31 млн-ды құрайды.

Биыл 11 айда БЖЗҚ салым­шыларының шоттарына 1,2 трлн тең­геден аса таза инвестициялық табыс түсті. Бұл былтырдың сәйкес кезеңінің көр­сет­кіштерінен 468,54 млрд теңгеге не­месе 60,3% мөлшерге артық.

 2023 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап: айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге; ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге; күн­көріс деңгейі (КД) – 40 567 теңге; ба­залық зейнетақының ең төменгі мөл­шері – 24 341 теңге.

Жыл басынан бері БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі төлем мөлшері 8,5%-ға көбейіп, 28 396,9 тең­гені (40 567 теңгеден 70%) құрады.

Биыл 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін лайықты демалысқа шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% мөлшерге өсті. Осылайша, 2023 жылы зей­нетақы төлемдерінің жиынтық көле­мі артты.

Жылдың басты жаңалығының бірі – биыл 1 шілдеден бастап жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекстің күшіне енуі.

Бұл заңның шеңберінде бірқатар не­гіз­гі инновациялар іске асырылды. Атап айтқанда, салымшылардың ин­вес­тициялық мүмкіндіктері кеңей­тілді. Енді инвестициялық портфельді бас­қарушының (ИПБ) сенімгерлік бас­қаруына міндетті жарналар есебінен зейнетақы жинақтарын беру кезінде зейнетақының ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді.

1 шілдеден бас­тап салымшылар өздерінің міндетті жи­нақ­тарының 50%-ына дейін ИПБ бас­қаруына беруге құқы бар. Сондай-ақ ерікті зейнетақы жинақтары бар салым­шы­лар жинақтарын 100%-ға дейін ИПБ-ге бере алады. 2023 жылдың шілде-қараша айларында 6 085 қазақстандық осы құқықты пайдаланып, ИПБ-ға шамамен 9,6 млрд теңге аударды.

ИПБ басқаруынан жинақтарды Ұлт­тық банктің басқаруына қайтару мер­зімі екі жылдан бір жылға дейін қыс­қарды. Осылайша, биыл 297 азамат ИПБ-дағы жинақтарын ҰБ-ға қайтаруға өтініш беріп, шамамен 1,3 млрд теңге қайтарылды.

Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) салымшылардың барлық санаты үшін міндетті болды. Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚСШ) бойынша жұ­мыстарды атқаратын және табыс ала­тын жеке тұлғалар, Қазақстанда тұратын және халықаралық ұйымдардың өкіл­діктерінде, аккредиттелген шет мем­лекеттердің дипломатиялық және консулдық мекемелерінде жұмыс іс­тейтін жеке тұлғалар МЗЖ төлейді. Бұрын бұл салымшылар МЗЖ төлеуге құ­қылы, бірақ міндетті емес еді. Бұл қадам алдағы уақытта халықты зейнетақымен қамтуды ұлғайтуға ықпал етеді.

Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан азаматтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге МЗЖ есебінен жиналған зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық берілді.

Шілдеден бастап 37 757 азамат 72,33 млрд теңге сомасындағы жинақтарды пай­далана отырып, осы құқықты пайдаланды. 

БЖЗҚ-да зейнетақы жи­нағы бар адам қайтыс болған жағ­дайда жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасы ең төменгі айлықтық есеп­тік көрсеткіштің (АЕК) 52,4 еселенген мөлшерінен 94 еселенген мөл­шеріне дейін ұлғайтылды. Бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шо­тындағы қаражаттан артық болмайды. Жерлеуге арналған біржолғы төлем мөлшері 2023 жылы 324 300 теңгені құрайды. Ол қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленуі мүмкін. Осы әлеуметтік төлемді ұлғайту жерлеу шығындарын барынша толық өтеуге бағытталған.

БЖЗҚ комиссиясының мөлшері төмендеді. Бұл 1 шілдеден бастап зейнетақы активтерінің 0,01%-ынан айына 0,008%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ қосымша шектеу енгізілді: комиссия міндетті зейнетақы жарналары бойынша 0,04 еселенген АЕК көбейтіндісі және зейнетақы жинақтары бар жеке зей­нетақы шоттарының саны ретінде айқын­далатын шамадан аспауға тиіс.

Әлеуметтік кодексте «Платформалық жұмыспен қамту» ұғымы айқындалды. Бұл интернет-платформаларды және ұялы қосымшаларды пайдалана отырып, қызмет көрсету түрі. Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министр­лі­гінің деректері бойынша, Қазақстанда 500 мыңға жуық адам платформалық жұмыспен қамтылған. Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада немесе ұялы қо­сымшада тіркеледі. Оператор мен тап­сырыс беруші, сондай-ақ орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынас Азаматтық кодекске сәйкес реттеледі. Осы жұмысқа орналастыру құралын енгізудің мақсаты – жұмыспен қамту нысандарына қарамастан, барлық қыз­меткерге әлеуметтік құқықтар беру, сондай-ақ интернет-платформалар ар­қылы жұмыспен қамтылғандарды әлеу­меттік және зейнетақымен қамсыз­дан­дыру жүйесіне тарту. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылған «Яндекс.Такси» жаңа жұмыс құралының дамуына серпін береді.

 

Осы орайда 2024 жылы іске асырылатын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы жаңалықтарға тоқтала кеткен жөн. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор – балаларға» жобасы басталады. Мұның аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішінде орташаланады. Балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялауды жалғастырады және оларға қосымша инвестициялық табыс есептеледі. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жас ұрпақты қолдау және оған тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе ұлттық жинақтар есебінен білім алуға мүмкіндік беру. Осылайша, балалар кәмелетке толғанға дейін есептелетін Ұлттық қордың қаражатын екі мақсатқа пайдалана алады: білім алу және тұрғын үй сатып алу.

Нысаналы талаптарды (міндет­те­ме­лерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтарды төлеуді жүзеге асыру жөніндегі оператор болып «БЖЗҚ» АҚ айқындалды.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бас­тап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа құрамдауышпен – жұмыс беру­шінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылады. ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты болады және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жұмыс берушіге теңгерімді жүктемені ұстап тұру мақ­сатында ЖМЗЖ жарнасы кезең-кезеңі­мен ұлғайта отырып аударылады:

2024 жылы – 1,5 пайыз;

2025 жылы – 2,5 пайыз;

2026 жылы – 3,5 пайыз;

2027 жылы – 4,5 пайыз;

2028 жылы – 5 пайыз.

ЖМЗЖ-ны кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ оларды салық салынатын кірістен шегерімдерге жатқызу жұмыс берушіге жүктемені теңестіру үшін көз­делген. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес, жұмыс берушінің міндетті зей­нетақы жарналары барлық жұмысшы үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туғандар үшін төленеді.

2024 жылдан бастап ЖМЗЖ енгізу мемлекет, қызметкер және жұмыс бе­руші арасындағы жауапкершілікті бөлу жолымен зейнеткерлікке шық­қаннан кейін қызметкердің зейнет­ақы­мен қамсыздандыру деңгейін арт­тыруға, сондай-ақ барабар зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге, оның ішінде зейнетақы жүйесінің ортақ құ­рамдауышын біртіндеп қысқартуды ескере отырып, ықпал етеді.

1 қаңтардан бастап БЖЗҚ са­лымшылары жеке қатысуынсыз сақ­тан­д­ыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасай алады. Са­лымшы, өмірді сақтандыру компания­сы (ӨСК), Мемлекеттік кредиттік бюро (МКБ) және БЖЗҚ арасындағы өзара іс-қимыл онлайн түрде жүргізіледі.

 

Жаһандық зейнетақы индексі БЗЖҚ жаңашылдық

Тақырыпқа жаңалықтар