15 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
ҚазҰУ ғалымдары ежелгі ит тұқымдарының деректер базасын құрды
ҚазҰУ ғалымдары ежелгі ит тұқымдарының деректер базасын құрды. 2023 жылы 20 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Бұл жөнінде Президент «Құмай тазы — ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық» — деп атап өткен болатын.