Дүниежүзілік көшпенділер ойыны

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Дүниежүзілік көшпенділер ойыны】 жаңалықтар Arbat media
5 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасының негізгі қарсыласы кімдер

Қазақстан құрамасы БАҚ өкілдеріне арналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы ашық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар физикалық және тактикалық дайындығын көрсетіп, алдағы жарыстан не күтетінін айтып берді. Жаттығу «Арғымақ» ат спорты кешенінде өтті. Бірінші болып құсбегіліктен ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың мүшелері шеберлігін паш етті. Айта кетейік, құсбегілер бүркіт, сұңқар және қаршығаны ырқына көндіріп, жүлдеге таласатын болады. Ережеге сәйкес, әр командада 9 спортшы бар. Әр құсқа үш спортшыдан келеді. Бүркіт бойынша Қазақстан намысын Абай ауданынан Ерзат Байқадамов, астаналық Серікбек Күнтуған және атыраулық Арман Қошқаров қорғайды. 

4 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде Астанада арнайы автобустар қатынайды

Елордада 8-13 қыркүйек аралығында бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды Астана әкімдігі. Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады.