27 тамыз 2024
                                                                /  Новости Казахстана
                                                                                                                    
                                                        Қазақ ғалымдары жасаған «Таймас» бидайының сапасы шетелдік және отандық сорттардан асып түсті
Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығына барды. Климаттың өзгеруі — ғылыми өндірістік орталықтың қызметтік бағытын анықтайтын негізгі зерттеу жұмысының бірі. ҒӨО құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді дәнді дақылдарды, дәнді-жемшөп дақылдарын, көпжылдық бұршақ және азықтық шөптерін іріктеумен, тұқым шаруашылығымен және коммерцияландыру жұмыстармен айналысады.