Қазақ ғалымдары жасаған «Таймас» бидайының сапасы шетелдік және отандық сорттардан асып түсті
Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығына барды. Климаттың өзгеруі — ғылыми өндірістік орталықтың қызметтік бағытын анықтайтын негізгі зерттеу жұмысының бірі. ҒӨО құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді дәнді дақылдарды, дәнді-жемшөп дақылдарын, көпжылдық бұршақ және азықтық шөптерін іріктеумен, тұқым шаруашылығымен және коммерцияландыру жұмыстармен айналысады, деп хабарлайды Arbat media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Орталық ғалымдары шығарған «Таймас» жұмсақ жаздық бидайдың жаңа сортының сапасы шетелдік және отандық селлекциялық сорттардан әлдеқайда жақсырақ, шаруалар арасында үлкен сұранысқа ие.
Былтыр аталған сорт Қарағанды облысының фермерлеріне бір гектардан 30 центнер өнім алуға мүмкіндік берді.
Орталық қызметкерлерінің жоғары ғылыми мүмкіндіктері мен жетістіктері халықаралық деңгейде танымал. ҒӨО 2027 жылы ауыл шаруашылығы бағыты бойынша табиғатты қорғау 10 дүниежүзілік конгрессін өткізуді жоспарланып отыр.