Новости: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау】 жаңалықтар Arbat media
Зиянды еңбек жағдайында ұзақ жұмыс істегендерге төлем тағайындалды
21 қазан 2024 / Новости Казахстана

Зиянды еңбек жағдайында ұзақ жұмыс істегендерге төлем тағайындалды

Биыл зиян еңбек жағдайларында ұзақ жұмыс істеген 11 814 азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды. Оеы тағайындауға жалпы 12 530 адам өтініш білдірген. Екі жерден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 077 адам жүгінді, оның ішінде 2 963 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 8 928 адам өтініш білдіріп, оның 8 851-іне тағайындалған. 

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленді
15 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленді

Жұмыссыз қалған азаматтар жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 46 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңгені құрады. 

Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
14 ақпан 2024 / Новости Казахстана

Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді.