Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленді
Жұмыссыз қалған азаматтар жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 46 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.
Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.