Вчера, 16:44
/ Новости Казахстана
«Қазгидрометтегі» ауа сапасын бақылау стансаларының 70%-ы дұрыс жұмыс істемейді
Бас прокурордың аға көмекшісі Асхат Ауқатов Мәжілістегі дөңгелек үстелде Экология кодексінің нормалар жұмыс істемей тұрғанын айтты. «Экологиялық кодекстің қабылданғанына үш жыл болды, бірақ оның көптеген нормалары жұмыс істемейді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік ластау көздеріне инвентаризация жүргізген жоқ. Олардың нақты санын ешкім білмейді. Ал бұл қаланың бас жоспары сияқты жергілікті орындаушылар үнемі пайдаланатын маңызды құжат. «Қазгидромет» те ауа сапасын жіті қадағалап отырған жоқ деуге болады. Автоматтандырылған бақылау стансаларының 70%-ы дұрыс жұмыс істемейді», - деді Бас прокуратура өкілі.