Euro 2024

Euro 2024 - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Euro 2024】 жаңалықтар Arbat media
30 маусым 2024 / Sport

EURO 2024: 30 маусымда 1/8 финалда тағы екі ойын болады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 30 маусымда 1/8 финалда тағы екі ойын өткізіледі. Бұл күні сағат 21.00-де Англия мен Словакия шеберлік байқасады. Кездесу Гельзенкирхен қаласындағы «Фельтинс-Арена» стадионында өтеді. С тобында сынға түскен Англия Сербияны 1:0 есебімен жеңсе, Даниямен 1:1, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады. Ал Словакия E тобында Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп, Украинаға 1:2 есебімен есе жіберсе, Румыниямен 1:1 есебіне қанағат білдірді. 

25 маусым 2024 / Sport

EURO 2024: Испания мен Италия плей-офф сатысына жолдама алды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 24 маусымда В тобында үшінші тур ойындары өткізілді. Алғашқы екі турда ұпайдан шашау шығармаған Испания бұл жолы жеңісті жолын жалғастыруға тырысты. Олар плей-офф сатысына берілген жолдама тағдырын бір тур бұрын шешіп қойған еді. Соған қарамастан бүгінгі ойында бірінші минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысты.