эвакуациялау

эвакуациялау - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【эвакуациялау】 жаңалықтар Arbat media
16 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде тағы бір ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр

Ырғыз ауданында Құйлыс ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмысы басталды. Мұнда 500-ден астам адам тұрады.Ырғыз ауданында бұған дейін Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарынан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Қазіргі кезде Мамыр мен Нұра ауылдарына су кіргені белгілі. Енді төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарын судан қорғау үшін жағалауды бекітіп, құм толы қап төсеп жатыр.

29 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Абай облысы Аягөз өзенінде су деңгейі көтеріліп, 172 адам эвакуацияланды

Абай облысы Аягөз ауданындағы өзеннің су деңгейі көтеріліп, 172 адам мектеп-интернат жатақханасына эвакуацияланды. Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Аягөз өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті. Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.