Тасқын: Жалғансай ауылының тұрғындарын эвакуациялау басталды
Атырау облысының Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында дабыл белгісі іске қосылып, тұрғындарды түгел эвакуациялау басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, түн ортасында Жалғансай ауылында салынған бөгет бұзылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Дәл қазір ауылдық дәрігерлік пунктті су басу қаупі төніп тұр. Жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша күштер мен ресурстар сұралды. Облыс әкімі төтенше жағдай орнына барды. Сағат 01:20-да дабыл белгісі іске қосылды. Ауыл тұрғындарын ауылдағы мектеп пен аудан орталығындағы Д.Төленов, Е.Ағелеуов атындағы орта мектептер мен Нұршуақ, Алтынай балабақшаларына эвакуациялау басталды. Тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады облыстық жедел штаб.
Қазір төтенше жағдайды жоюға Қорғаныс министрлігінің жеке құрамынан 50 сарбаз бен 15 техника тартылған.
Жалғансай ауылы аудан орталығы – Махамбет ауылынан 15 шақырым қашқытықта орналасқан. Бұл елді мекенде 1286 адам тұрады. Тұрғын үйлер саны – 237.