2 қыркүйек 2024
/ Мир
Газа секторында полиомиелитке қарсы егу үшін «гуманитарлық үзіліс» жарияланды
Газа секторында полиомиелитке қарсы егу үшін бірқатар «гуманитарлық үзіліс» жарияланды. Бір апта бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторында соңғы 25 жылдағы алғашқы полиомиелит оқиғасын растады. 10 айлық бала жартылай сал ауруына шалдыққан. Вакцинация 10 жасқа дейінгі 640 мыңнан астам баланы қамтуы керек. ДДҰ бас директорының орынбасары Майкл Райан Газа секторына ауызша вакцинаның 1,26 миллионға жуық дозасы жеткізілді деді.