Газада алғашқы гуманитарлық үзіліс жарияланды
Газада алғашқы гуманитарлық үзіліс жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ВВС орыс қызметі тілші Рушди Абу Алуфқа сілтеме жасап жазады.
Израиль армиясы алғаш рет Газа қаласының үш ірі орталық ауданында тұрғындарға су мен азық-түлік алуға мүмкіндік беру үшін төрт сағаттық гуманитарлық үзіліс жариялады.
Соған қарамастан ондағы тұрғындар су мен азық-түлік тапшылығына шағымдануда.
8 қарашадағы жағдай бойынша, соғыс басталғаннан бергі әуе шабуылдарының ең төменгі қарқындылығы Газа секторында тіркелді.
Алайда таңертең Израиль армиясы Дейр әл-Балах пен Газа қалаларына соққы беріп, нәтижесінде 40 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды делінеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: