16 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Алматы әкімдігі жауапсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды
Алматы қаласының әкімдігі мемлекеттік музей жанындағы скверге реконструкциялау жұмыстарын жүргізген мердігер компаниямен шартты біржақты тәртіппен бұзды. Алматы әкімдігінің мәліметінше, шарт 2022 жылы жасалды, ал нысан 2023 жылы тапсырылуы тиіс болған. Мемлекеттік музей жанындағы скверді қайта жаңарту жұмыстары уақтылы жүргізілмегендіктен, әкімдік мердігер компаниямен шартты бұзу, тапсырыс берушіні мемлекеттік сатып алуға талаптарды орындамайтын қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз жолдады.