26 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Елімізде кофе 20 пайызға қымбаттады
Елімізде кофе бағасы 20 пайызға өсті. Бұған себеп — Бразилиядағы қуаңшылық пен Вьетнамдағы су тасқыны. Өндіріспен бірге экспорт та азайған. Соның салдарынан әлемде осы сусын түрінің бағасы шарықтап шыға келді. Жыл басынан бері Қазақстанда бір ғана "арабика" сұрпының құны 40 пайызға көтерілген. Оған қант, сүт, бір реттік ыдыс сынды тауарлардың қымбаттауы да қосылды дейді жергілікті сатушылар.