Новости: көліктер

көліктер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【көліктер】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

Автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан 17 адам ұсталды

Ішкі істер министрлігі Алматыда көліктерді тіркеу бойынша қылмыстық схеманың жойылғаны туралы мәлімдеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды қолдан өзгерткен жерасты цехының жұмысы әшкереленген. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталған. 

arbat media
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ескі машинаның көбі — Алматы облысында

Шілде айында 156,8 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% кем. Осылайша 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 545,2 мың болды, оның ішінде 88% — жеңіл автомобиль, 9,9% — жүк автомобиль, 2,1% — автобус. 

arbat media
13 қыркүйек 2024 / Мир

Донецк облысында Қызыл крест көліктерін атқылады

Донецк облысында Қызыл крест көліктерін атқылады. Ресейдің конвойға жасаған соққысынан Халықаралық Қызыл крест комитетінің гуманитарлық миссиясының үш қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлады Украина президенті Владимир Зеленский. Оқиға 12 қыркүйек күні таңертең Донецк облысының Веролубовка ауылында болды, деп хабарлады жергілікті билік. Сондай-ақ, снарядтардың бірі адамдар орналасқан кәсіпорын аумағына түскен. 

arbat media
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Бастығының көліктерін сатып жіберіп, кейін киллер жалдап өлтірмек болған

Киллер жалдап, өзін өлтірмек болған қылмыскердің кесірінен тақырға отырған. Астанада бастығының 18 көлігін сатып жіберіп, мұны жасыру үшін оның көзін жоюға тапсырыс берген жігіт сотталса да, жәбірленушінің мүлкі өзіне қайтарылмапты. Сотталушы машиналарды заңсыз жолмен арзан бағамен таныстарына сатқан. Кейін олар да үстіне ақша қосып, көліктер өзге адамдардың қолына өтіпті. Ал өлім ауызынан қалған кәсіпкер енді сот жағалауға мәжбүр. 

arbat media
16 шілде 2024 / Мир

Латвияда Беларусь нөмірі бар көліктердің кіруіне тыйым салынды

Латвияда Беларусь нөмірлері бар көліктердің кіруіне тыйым салынды.  16 шілде күні сағат 00:01-ден бастап Латвия бұдан былай Беларусьте тіркелген көліктерді өткізбейді. Беларусь-Латвия шекарасы арқылы да, Латвия мен Ресей арасындағы шекаралық пункттер арқылы да кіруге тыйым салынады. 

arbat media
21 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Шетелден әкелінген көліктер заңсыз тіркелген

Ішкі істер министрі Алматы облысында шетелден жеткізілген көліктер заңсыз тіркеуге қойылып жатыр деген ақпаратқа қатысты да жауап берді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен әкімшілік полиция басқармасындағы былық көптен бері айтылып та, жазылып та жүр. Ержан Сәденов бүгін осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.