Эстония Беларусь нөмірі бар көліктерді кіргізуге тыйым салды
Латвия мен Литвадан кейін Эстония Беларусь нөмірі бар көліктерді кіргізуге тыйым салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Беларусь нөмірлері бар көліктердің иесінің немесе пайдаланушының Эстонияда немесе Еуропалық Одақта болу себептеріне қарамастан, Эстонияның шекара бекеттері арқылы кіруіне тыйым салынады», - деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Эстония Сыртқы істер министрлігі «шектелген жағдайда, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер, оның ішінде гуманитарлық себептермен немесе дипломатиялық нөмірі бар көлік жағдайында ерекшелік жасай алады» деп түсіндірді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: