көшіру

көшіру - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【көшіру】 жаңалықтар Arbat media
9 шілде 2024 / Новости Казахстана

Алматыда апатты жағдайдағы үйдің тұрғындары жаңа пәтерге көшіріледі

Алматыда апатты жағдайдағы 54 үйдің тұрғындары жаңа баспанамен қамтылмақ. «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте тозығы жеткен үйдің 280 тұрғыны жаңа үйге көшірілді. Бұл «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы» аясында жүзеге асты. Биыл жыл соңына дейін Алматыда 54 ескі үйдің тағы 2 180 тұрғынын жаңа үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Тасқын: Ақтөбеде үйі қираған ауылдағылар аудан орталығына көшіріледі

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғындарына үй аудан орталығынан салынады. Су тасқыны кезінде Ш.Берсиев атындағы ауылдық округке қарасты Қаратал ауылы, Ойыл ауылдық округіне қарасты Екпетал ауылында үйлерге су кірді. Салдарынан Екпетал ауылында үйлер қирап қалды. Аудан орталығынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл халқы енді Ойылдың өзіне қоныстанады.