 
                                                                                                                 
                                                                                                                             11 қараша 2024
                                                                /  Sport
                                                                                                                    
                                                        Самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын жеңіп алды
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында самбодан (спорттық, жауынгерлік, зағип жандар арасында) әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекеновтің айтуынша, ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола, барлығы 17 медаль жеңіп алды.