
30 қараша 2024
/ Sport
Қырғыз балуанын жеңген Мейрамбек Қартбай жеңіске жетті
Еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері қазақстандық спортшы Мейрамбек Қартбай Астанадағы Wrestling Stars турнирінде топ жарды. Отандасымыз 61 келі салмақта қырғызстандық балуан Алмаз Сманбековпен белдесіп, 9:4 есебімен жеңіске жетті. Әлемдік күрес жұлдыздары бас қосатын дәстүрлі Wrestling Stars турнирі Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтіп жатыр.