Мейрамбек Қартбай бастаған балуандар ел кубогында жеңімпаз атанды
Тараз қаласында еркін күрестен Қазақстан кубогында жеңімпаз атанған балуандар толық анықталды. Қазақстан күрес федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, үздік атанғандар арасында Азия чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Қартбай сынды белгілі спортшылар бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жұма күні мына балуандар жүлдеге ілікті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
61 кг:
1.Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе),2.Мұхамед Балғабай (ШҚО),3.Жасұлан Ораз (Жетісу),3.Шынғысхан Жантасұлы (БҚО).
70 кг:
1.Начын Куулар (Шымкент),2.Санжар Досжанов (Астана),3.Досжан Әсетов (ШҚО),3.Жасұлан Бексұлтанов (Ақмола).
79 кг:
1.Дәулет Ергеш (Жамбыл),2.Ілияс Ерболатов (Абай),3.Дархан Есенғали (Шымкент),3.Шамсат Таир (Шымкент).
97 кг
1.Бекзат Үркімбай (Астана),2.Юнус Гафуров (Жамбыл),3.Әкежан Айтбеков (Жетісу),3.Иманғали Қалдыбек (Түркістан).
125 кг:
1.Нұрсұлтан Азов (Ақмола),2.Омархан Нәдіров (Астана),3.Мейірболат Неғметуллин (Астана),3.Генрих Багдасарян (Маңғыстау).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Таразда еркін күрестен үздіктер анықталғанын жазған едік.