16 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң: жеткізушілерді автоматты түрде таңдау тетігі қосылады
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның енгізілуімен (2025 жыл 1 қаңтар) жеткізуші туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалана отырып, қалыптастырылатын болады. Бұл сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа критерийлерін біріктіре отырып, жеткізушілерді автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтып берді.