Қазақстан жаңалықтары30 қараша 2023, 13:12

Арзан киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алмақ болған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызмет мемлекеттік сатып алуда заңсыздықты әшкереледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мониторинг жасаған құзырлы мекеме жергілікті әкімдіктерде мемлекеттік сатып алуда бағаны негізсіз көтеру фактісін анықтады.  Жетісу облысының cпорт басқармасы нақты құны жабдықтармен бірге 4,5 млн теңге болатын киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алмақ болған.

Сарқан ауданының vәдениет үйі нарықтағы құны 250-300 мың теңгені құрайтын бір кондиционерді мемлекеттік сатып алу жүйесінде 1,5 млн теңгеге бағалап, сатып алуды жоспарлаған. Тапсырыстардың бағасы қайта қаралып, негізсіз қойылған құн азайтылған.

 

Жетісу облысы мемлекеттік сатып алу Жемқорлық Киіз үй

Тақырыпқа жаңалықтар