11 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Мемқызметкерлер қанша сый-сияпатты мемлекетке қайтарды?
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Kazinform агенттігіне қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге қатысты сый-сияпат статистикасын ұсынды. Жыл басынан бері олар қарапайым азаматтардан алған 178 сыйлықты мемлекетке қайтарған. Заң бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері бар жауапты мемлекеттік қызметшілерге берілген сыйлықтар, сыйлық алынған күннен бастап немесе ол туралы белгілі болған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік мүлік басқаруға уәкілетті органға өтеусіз түрде берілуі керек. Содан кейін бұл мүлік аукционда сатылады.