Мемқызметкерлер қанша сый-сияпатты мемлекетке қайтарды?
Коллаж: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2024, 9:12

Мемқызметкерлер қанша сый-сияпатты мемлекетке қайтарды?

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге қатысты сый-сияпат статистикасын ұсынды. Жыл басынан бері олар қарапайым азаматтардан алған 178 сыйлықты мемлекетке қайтарған. Заң бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері бар жауапты мемлекеттік қызметшілерге берілген сыйлықтар, сыйлық алынған күннен бастап немесе ол туралы белгілі болған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік мүлік басқаруға уәкілетті органға өтеусіз түрде берілуі керек. Содан кейін бұл мүлік аукционда сатылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«2024 жылдың 9 айында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалар мемлекеттік мүлік құрамына 178 сыйлықты өтеусіз негізде тапсырды, олардың болжамды құны 1 444,87 мың теңгені (шамамен 1,45 млн – ред.) құрады», - деп жазылған жауапта.

Биыл тоғыз айда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері 712,56 мың теңгеге 88 сыйлықты сатқанын хабарлады.

 

Мемқызметкерлер сый-сияпат мемлекетке қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар